Алматыда жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 6 қыркүйек, яғни жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жексенбі күні қоғамдық көлік бұрынғы режиммен жүреді. Жұмыс күндері автобус маршруттары кешкі 20:00 дейін жүреді. Түнгі 22:00-де автобустар паркке кетеді. Сондықтан кей бағыттардың жұмысы ертерек аяқталады» деп мәлім етті Алматы көлік холдингінен.

Айта кетейік, кеше тұрғындардың сұранысымен қоғамдық көлік сенбі күні жүретінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар