Алматыда жекеменшік үйде өрт шығып, ер адам қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі отбасыға арналған барақ үй өртке оранды. Салдарынан екі адам жапа шегіп, бір ер адам қаза болды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Медеу ауданы, Жетбаев көшесі, 27-үйдің екі бөлмесін зақымдаған өрт үйдің шатырын да шарпыды.

Өрт сөндіру кезінде үйдің ішінен бір ер адамның денесі табылды. Қазір оның кім екендігі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар