Алматыда жекеменшік үй отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданында орналасқан жеке үйден өрт шықты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Фотин көшесі, 55 мекенжайы бойынша орналасқан жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама кешкі 21:36-да түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, екі отбасыға арналған үй өртенген. Өрт көлемі 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 22:35-те ауыздықтады. Әзірге жалынның неден тұтанғаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар