Алматыда жекеменшік инвесторлар 60 млрд теңгенің жобасын жүзеге асыруда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл алтыншы рет өтіп жатқан Almaty Invest форумы барысында қаланың инвестициялық мүмкінігі туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форум барысында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы басшысы Бағдат Телебай бизнес құрылымдар жергілікті әкімдіктің инфрақұрылымның дамуы мен инвестициялық климатты жақсарту, мемлекеттік- жекешелік жобаларды жүзеге асыруға байланысты жобаларынан құлағдар болуы тиістігін айтты.

Бұл ақпаратты бизнесмендер онлайн порталдардан көріп отыруы тиіс. Бұл ойымен сарапшы «Инвесторларды қолдаудың халықаралық және мемлекеттік шаралары» деген тақырыпта өткен панельді отырыста бөлісті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қалалық кәсіпкерлер палатасы 10 инвестициялық қормен жұмыс жасап жатыр.

Құны 150 млн теңге болатын 15 ірі жоба қолға алынды.

«2018 жылы Алматы білім беру, көлік және қоршаған ортаны қорғау саласында 3 инвестициялық жоба қолға алынды. Мемлекеттік міндеттемелері көлемі 190,3 млрд теңге болатын қосымша тағы 8 жоба әзірленіп жатыр. Бұл жобаларға 59,4 млрд теңге  жекеменшік инвестиция тартылады», - деді Бағдат Телебай.

Сонымен қатар, палата басшысы цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан бірқатар жағымды өзгерістер туралы тілге тиек етті.

Атап айтқанда, қазір кәсіпкерлер Атамекен порталынан онлайн-режімде қызмет ала алады. 

«Жақында «Кәсіпкердің жеке кабинеті» іске қосылды. Бұл алаңда Ұлттық палатаның өнімдері мен қызметтерінің барлық түрін алуға болады. Жеке кабинет арқылы кәсіпкерлер «Құжаттар конструкторынан» құжаттар үлгісімен танысып, жұмыс барысында қолданады. Кәсіпкерге  келісімшарт жасау, сатып алу-сату немесе жалға алу, орындалған жұмыстардың актілерін дайындау үшін заңгерді жалдау керек емес. Олар кез келген жағдай үшін заң тілінде сауатты жазылған 100 құжат үлгісін ашып, жүктеуіне мүмкіндік туып отыр. «Кәсіпкелік бастамалар» бөлімінде кәсіпкер заң бойынша өз ұсыныстарын кең талқылауға және дауыс беру алаңына шығарады. Егер сіздің бастамаңызға көпшілік қолдау көрсетсе, «Атамекен» оларды мемлекеттік органдардың назарына ұсынады.

Сонымен қатар,  «адалдықты тексеру» сервисі бар. Бұл өзінің жеткізушісі (іскер серіктесі) туралы бәрін білгісі келетіндерге арналған сервис. Бұл кәсіпкерлердің бірыңғай базасы, ол сіз ынтымақтасуға ниетті фирманың қаншалықты тұрақты екенін анықтауға көмектеседі.

«Digital КҚКО» қосымшасы бойынша-61 қызмет тегін көрсетіледі», - деді палата басшысы.

Бағдат Телебайдың айтуынша, Қазақстанда бизнес климатты жақсартуға барынша жағдай жасалып келеді.

Биыл қалалық палатаға кәсіпкерлер тарапынан 163 өтініш түскен. Олардың 65-і бойынша оң шешім шығарылды. Палата құзырлы орган ретінде құны 1 млрд теңге болатын бизнес өкілінің құқығын қорғады.

Сонымен қатар, палата мамандары салық, кеден, сәулет, қала құрылысы салаларында 28 әкімшілік кедергіні анықтады.

17 аймақтық, 11 республикалық маңызы бар мәселелердің ішінде 10-ы оң шешімін тапты.

Сонымен қатар, бизнесмендердің құқығын қорғау мақсатында «Атамекен» жанынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі құрылды.

«Бүгінгі таңда Бизнесті құтқару қызметі іске қосылды. 1432 нөміріне қоңырау соғып, кәсіпкерлер жедел кеңес алу ғана емес, мәселені реттеу үшін белгіленген нысанға мобильді топты шақыра алады. Мобильдік топтың құрамында - «Атамекен» ҚР ҰКП, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар, ІІД және Астана қаласы ТЖД қызметкерлері бар. «Бизнесті құтқару қызметі» күн сайын 9-дан 22-ге дейін қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (шаштараз, дәріханалар, турагенттіктер, киім тігу және жөндеу), қызмет көрсету (тамақ жеткізу, сауда) саласындағы кәсіпкерлер, сондай-ақ жөндеу және монтаждау жұмыстарының кез келген түрлерін жүзеге асыратын, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді. Құтқару қызметіне Алматы бойынша 15 қоңырау түсіп үлгерді. 4 қоңырау бойынша тексеру жүргізілді», - деді Б.Телебай.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бұған дейін өткен форумдар нәтижесінде құны 1 млрд доллар болатын 40-қа жуық меморандумға қол қойылғанын атап өтті.  Әкімнің айтуынша, оның ішінде құны 400 млн доллар болатын 12 жоба бүгінде жүзеге асырылған. 

«Шетелдік компаниялар қалаға инвестицияларды белсенді құюда. Соңғы 10 жылда 22,2 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды, соның 3,5 млрд доллары - шетелдік. Биыл инвестициялар көлемі 21% артқан, оның ішінде шетелдік - 24%», - деді Бауыржан Байбек.

йта кету керек, биыл Almaty Invest-2018 форумына әлемнің бірқатар елдерінен келетін қонақтарды қосқанда 800 жуық делегат қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар