Алматыда жекеменшік балабақшалардың тамақтандыруға жұмсаған шығыны субсидияланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен Білім басқармасының алқа отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс жұмысына қоғам белсенділері және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

«Бала туу көрсеткішінің өсуі, қолданыстағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қуатының жетіспеушілігі – нарықтың ауқымды екенін көрсетеді. Жалпы, жекеменшік мектепке дейінгі секторда жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-білім беру қызметтерін көрсетудегі әлеуетін ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылығын да көрсетті», - деді Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының төрайымы Роза Садықова.

Мәлім етілгендей, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті азайту және басқа да мәселелерді шешу мақсатында Алматы әкімдігі ҚР Білім және ғылым министрлігіне мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік бақшалардағы шығындарды жергілікті бюджеттен субсидиялау туралы ұсыныс жасаған. Бұл шара сондай-ақ жекеменшік балабақшаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуді, мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік балабақшаларда ата-аналар төлемін теңестіруді көздейді.

«Алматы әкімдігі қабылдаған іс-шаралар қаламыздың жекеменшік мектепке дейінгі білім беру кәсіпкерлігін дамытуға қолайлы жағдай жасайды және ынталандырады. Мұндай іс-шаралар біздің бәрімізге артқа шегінбей, бір орында тұрып қалмай, алға жылжитынымызға, өз жұмысымыздың нәтижесін көретінімізге сенімділік береді», - деді Р.Садықова.


Қазіргі уақытта Алматы қаласының Білім басқармасы Жеке білім беру ұйымдары қауымдастығымен бірлесіп, мемлекеттік тапсырыспен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдармен тамақтану үшін жергілікті бюджеттен субсидиялау мәселесін талқылау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Біз жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жекеменшік ұйымдарда төлемақыны өтеу бойынша конкурсқа жіберудің мынадай критерийлерін ұсындық. Бұл, мектепке дейінгі ұйымның мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы нормативтік актілерге сәйкестігі. Таңдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша шартта көзделген өнім берушінің міндеттемелерін орындау бойынша мониторинг нәтижелеріне негізделетін болады», - деп түсіндірді Р.Садықова.

Айта кету керек, мемлекеттік тапсырыспен жекеменшік балабақшаға барып жүрген балалардың ата-аналары тамақтану шығындарын бұрынғы көлемде төлей береді. Субсидиялау балалары алғаш рет мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдарға мемлекеттік тапсырыспен баратын ата-аналарға ғана қатысты. Осылайша, мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру аясында жергілікті бюджеттен субсидиялау есебінен қаржыландырылған білім беру қызметтері мен тамақтану бағасын өтеу тұтынушының қалтасына түсетін салмақты азайтады.


Соңғы жаңалықтар