Алматыда жеке тұрғын үйге автобус соғылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 141-бағыттағы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жеке тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінде жол апаты 10 қазан, сағат 18.00-де болғанын хабарлады. 141-бағыттағы «Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі Күдерин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай, жолдан шығып, жеке тұрғын үйге соғылады.

'Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі және көліктегі 6 жолаушы зардап шекті. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруда»,- деді қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.






Видеодан алынған кадр/ instagram.com/kris_p_almaty_obl



Соңғы жаңалықтар