Алматыда жеке тұрғын үйдің 8 бөлмесі жанып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге 30-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 маусым күні сағат 21:28-де қалалық ТЖД-нің «101» пультіне жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Түрксіб ауданындағы Добровский көшесінде орналасқан 4-үйдің мансард қабаты мен шатыры өртенген.

«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 21:33-те, яғни 5 минуттан кейін жетті. Жеке  тұрғын үйдің мансард қабаты мен шатыры өртенген. Сонымен қатар құрылысы бітпеген  ағаш үйдің  8 бөлмесі отқа оранған. Құтқарушылар жарты сағат өткен соң ғана, 22.03-те өртті ауыздықтаған.  120 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіруге  26 құтқарушымен 6 техника күші жұмылдырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. 

Соңғы жаңалықтар