Алматыда жеке сектордан граната табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жеке сектордан граната табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда куәгерлер граната «Қарғалы» шағын ауданындағы Редько көшесінен табылғанын айтты. https://www.instagram.com/p/CJ3j3p3hokM/

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жарылғыш заттың жауынгерлік емес екенін жеткізді.

«Табылған граната арнайы сараптамаға жіберілді. Қазір бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚРҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді», - деп хабарлады полициядан.


Фотосурет әлеуметтік желіден алынған


Соңғы жаңалықтар