+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматыда жедел жәрдем шақырту едәуір азайды

2020 жылғы 14 тамыз 12:38
Бөлісіңіз:
Алматыда жедел жәрдем шақырту едәуір азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жедел жәрдем шақырту едәуір азайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды Қазақстанда бір күнде 155 науқас коронавирустан жазылып, үйіне оралды Өткен тәулікте 76 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

«Жедел жәрдем жұмысында сұраныстың азайғаны байқалады. Өтініштер мен шақырту саны соңғы айда 1-3 санат бойынша 2200-ден 1400-ге дейін және 4 жеделдік санаты бойынша 280-ден 170-ке дейін азайды. Вирус өршіген шақта біз мүлдем басқа көрсеткіштерді байқаған едік. Жедел жәрдем тәулігіне 8 000-ға дейін өтініш қабылдаса, әрбір екінші қоңыраудан соң бригада науқастың үйіне барды», - дейді Камалжан Надыров.

Сонымен қатар, ол қалаға қосымша 55 жедел жәрдем көлігі сатып алынатынын атап өтті.

«Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 180 бригада жұмылдырылған. Оның ішінде 365 дәрігер, 1 388 фельдшер бар. Осы тұрғыда жедел жәрдем қызметі күзгі және қысқы кезеңге дайын екенін атап өткен жөн. Вирус өршіген шақта қызмет көрсету тәулігіне 500-ге дейін пациентті қабылдауы мүмкін деген болжам бар. Қосымша 55 жедел жәрдем көлігі келіп түседі деп күтілып отыр»,– деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT