Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов көшесінің бойында болған. 

Шығысқа бағыт алған BMW көлігі қарама-қарсы келіп солға бұрыла бастаған жедел жәрдем көлігін бүйірден соғады. Салдарынан жедел жәрдем көлігі бір жағына аударылып қалған.

Жол апатынан жедел жәрдемде болған 2 медициналық қызметкер жапа шекті.

BMW жүргізушісінің айтуынша, жедел жәрдем жүргізушісі арнаулы дабылды қоспай бұрылған.

Ал жеңіл көліктің өзі қандай жылдамдықта болғанын полицейлер анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар