Алматыда жедел жəрдем дəрігерлеріне 18 рет шабуыл жасалған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел жəрдем дəрігерлеріне биыл 18 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы қалалық Жедел жəрдем стансасының бас дəрігері Біржан Оспанов айтты.

"Таңғы 4-тен бастап біз өзіміздің əріптесіміздің өмірін арашалап қалуға тырысып жатырмыз. Дəрігер науқасты қарап жатқан кезде оның танысы кіріп дəрігерді шүйдесінен таспен ұрған. Бірден ота жасалды. Бас сүйегін ашып гематоманы алдық. Қазір де жағдайы өте ауыр, ес-түссіз жатыр",- деді Біржан Оспанов.

Оның қасында болған фельдшер қыз да жабық ми жарақатымен қалалық жедел жəрдем ауруханасында жатыр.

Біржан Оспановтың айтуынша, биылдың өзінде жедел жəрдем стансасының дəрігерлеріне 18 рет шабуыл жасалған.

Шабуыл жасаушылардың ішінде көбіне мас күйінде əрі есірткі шегіп алған адамдар, дəрігерлермен сөзге келген туысқандар бар.

Қалалық басқарманың емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Байзолданова Айманның айтуынша, учаскелік дəрігерлерге бірнеше рет зорлық жасалған.

"Ондай жағдай болды. Көбіне учаскелік дəрігерлер - əйел адамдар ұшырайды. Олар бұл мəселені сыртқа жариялағысы келмейді. Сөйтіп жабулы қазан жабулы қалып жатыр. Сондай-ақ, дəрігерлер жеке үйлерге барғанда иттерден қорғануға мəжбүр. Осындай жағдайлардың саны күннен-күнге артып келеді.

Мамандардың айтуынша, агрессивті адамдар ауруханаларда да кездеседі.

"Өткенде ауруханаға баласын жатқызуға келген анасы шу шығарып, дəрігерлерді балағаттап, қол көтерді. Прокуратураға арыз жаздық. Жыл басынан бері ұжымның атынан 7 рет рапорт жазылды",- деді 2 қалалық балар ауруханасының бас дəрігері Ермек Аязбеков.

Соңғы жаңалықтар