Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа реанимобильдер берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы соңғы тәртіпсіздіктер кезінде 32 жедел медициналық жәрдем көлігі зардап шеккен болатын. Осы қиын-қыстау кезеңде «ASTANA MOTORS» ЖШС компаниясы Алматыдағы Жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа 6 реанимобиль сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда қаңтар айының басындағы қайғылы оқиғалар кезінде 32 жедел жәрдем көлігі мен медициналық ұйымның 1 көлігі зақымдалды. Сондықтан бүгін беріліп отырған реанимобильдер коронавирус инфекциясының өсуі мен жедел жәрдем қызметіне жүгінулер көбейіп жатқан қазіргі уақытта өте үлкен көмек болды», - деді Алматы қаласы Жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев.

Hyundai H350 Ambulance жедел жәрдем көлігінде тәжірибесі бар дәрігерлер автомобильдің сенімділігін, қауіпсіздігін, функционалдығы мен қызмет көрсетудің қарапайымдылығын атап өтті.

Жедел жәрдем көлігінің артықшылығы, жайлылық пен жұмсақтығы, бұл дәрігерлерге ауруханаға барар жолда жансақтау іс-шараларын толық жүргізуге мүмкіндік береді.

Hyundai H350 жедел жәрдем көлігі Кеден одағының техникалық регламенттеріне, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын талаптарына сәйкес келеді және Еуро-5 экологиялық стандарттарына жауап береді.

Жаңа реанимобильдер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін өкпені жасанды желдету аппараттары, құрылғыларымен және оттегімен ингаляциялауға арналған жүйе жиынтығымен, дефибриллятор-мониторлармен, электрсорғыштармен, артериялық қысымды, пульсоксиметрияны, температураны өлшеу функциялары бар реанимациялық-анестезиологиялық мониторлармен және басқа да заманауи жабдықтармен жабдықталған.


Соңғы жаңалықтар