Алматыда жедел іздестіру барысында ұсталған ер адамнан тапанша тəркіленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аранайы жедел-іздестіру операциясы кезінде ұсталған ер адамнан тапанша табылды. Бұл туралы қалалық ІІД хабарлады.

"31 наурызда түскі 15:20 шамасында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстады. Полиция ол адамнан тапаншаны тапты. Ол ҚР ҚК 103-бабына сəйкес бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен",- деді ІІД өкілдері.

Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша тергеу амалдары басталды.

Айта кету керек, кеше əл-Фараби мен Жароков көшелерінің қиылысында жүргізілген арнайы операция барысында тəртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген болатын.

Соңғы жаңалықтар