Алматыда жазушы Герольд Бельгердің «Таңдамалы» кітабының тұсаукесері өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада қазақтың көп қырлы өмірін өз шығармаларына арқау еткен прозашы, эссеист, публицист Герольд Бельгердің «Таңдамалы» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл белгілі жазушының 75-ші кітабы екенін атап өткен жөн.

Тұсаукесерге мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқар, жазушы, аудармашы Берік Жылқыбаев, жазушы Дулат Исабеков, ақын Ұлықбек Есдәулет, Бақытжан Қанапьянов, ЖОО студенттері қатысты. Көпшілік қауым жазушыны 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, жазушының қазақ әдебиетіне қосқан ұшан-теңіз үлесін атап өтті.

Жаңа туынды қазақтардың көп қырлы өмірі мен ресейлік немістердің азапты жолын суреттеген. Кітап «Рауан» баспасында 42 баспатабақпен шығарылды.

Кітапта әңгімелер, эсселер, эскиздер мен этюдтер топтастырылған.

«Біз естіп жүрген сөздердің көпшілігі қаланың жанталасқа толы мағынасыз өмірінде өз құнын жоғалтып алды десек болады. Сөзге ерекше қуат беріп, жан бітіретін адамдар болады. Солардың бірі ретінде Герольд Бельгерді айтар едім. Ол айтқан кезде әр нәрсе өзінің түпкілікті әу бастан тән сипатына ие болады. Мен сізді пышақ қайраушымен салыстырар едім. Сіз бізге тек сөз қайраудан шыққан от пен ұшқын бермейсіз, сіз сондай-ақ, оны қажетті қалпына келтіресіз, оған мән-мағына бересіз», - деді мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.

Шара барысында, сондай-ақ, Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған «Герольд Бельгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар