Алматыда жазғы кафенің үстіне ағаш құлады

None
Кадр из видео
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Мәдениет және демалыс орталық саябағында орналасқан жазғы кафенің үстіне ағаш құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео авторының ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер болған жоқ.

Алматы қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы аталған саябақ аумағында шаған ағашының бұтағы құлағанын анықтады.

Басқарманың мәліметі бойынша ағаштың айналасы толық зерделенді. Сондай-ақ ағаш «Алтын Тараз» ЖШС-ға тиесілі кафенің іргелес аумағында өседі.

«Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына сәйкес меншік иесі күтім жасау жұмыстарын, оның ішінде іргелес аумақта өсетін ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Басқарма аумақ иесіне санитарлық кесуді жүргізу туралы ұсыныс жолдады», - деп хабарлады қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы.


Соңғы жаңалықтар