Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апаты әлеуметтік желіде тарды. Жаяу жүргіншіні көлік Сейфуллин даңғылы мен Ақан сері көшелерінің қиылысында басып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, Сейфуллин бойымен солтүстік бағытта үлкен жылдамдықпен келе жатқан «Hyunday Elantra» көлігі 1987 жылы туған ер адамды қағып, мерт қылды. Ол қатты соққыдан 50 метрден астам жерге ұшып кеткен.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Алған соққы салдарынан 33 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Бүгінгі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
- Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты
- Елордада жоғалған жасөспірім табылды
- Беларусь Атом-электр стансасының 1-энергоблогы желіден ажыратылды
- Қарағандыдағы көпқабатты үйде 7 адам иіс тиіп уланды
-
Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды
-
Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам