Алматыда жаяу жүргіншіні көлік басып, мерт қылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Lexus көлігі арнайы белгіленбеген жерде жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Сүйінбай даңғылының бойында Сидоркин мен Бөлтірік шешен көшелерінің аралығында болды. Lexus Сүйінбай көшесінен солтүстікке қарай кетіп бара жатып, жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. 30 жастағы ер азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Табылған кезде оның ешқандай құжаттары болмаған.

Айта кететін мәселе, қайғылы жағдай болған жерден 100 метр қашықтықта жаяу жүргіншілерге арналған көпір бар болатын. Ал жас жігіт не себептен екені белгісіз, оны пайдаланбастан жолдан жүгіріп өтпек болған.

Полиция мерт болған азаматтың жеке тұлғаныс анықтау үстінде. Содан соң олар болған оқиғаның мән-жайын анықтайды.

null null null 

Соңғы жаңалықтар