Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған 3D белгілер пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 3D эффектісі бар жаяу жүргінші жолдары пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа эксперименталды белгілер Казаков көшесі мен Мұратбаев-Жібек жолы көшелерінің қиылысында орнатылды.

Мұның алдында Сәтбаев-Желтоқсан көшелерінің қиылысында торлы жол белгілері пайда болғанын жазған болатынбыз. Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жыл соңына дейін тағы 5 көше қиылысында осындай торлы белгі сызылады. Торлы белгілердің арқасында кептеліс көп болатын қиылыстарда жол апаты төмендейді деген болжам бар.


Соңғы жаңалықтар