Алматыда жаяу патруль бір айда 122 қылмыстың бетін ашты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жаяу бағыттағы тәртіп сақшылары, бір ай бойы екі аусым бойынша жұмыс істеді. Қаладағы 67 қауіпті учаскелерді тексерді. Тамыздың онынан бастап полиция қызметкерлері көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жаяу аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы бір айда жаяу патруль полициясы 122 қылмыстың ізін суытпай ашты. 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орында алкоголь ішу - 88, қаланың абаттандыру ережелерін бұзу - 58, ұсақ бұзақылық - 25, азаматтардың мазасын алу - 82, қоғамдық орындарда темекі шегу - 54, тыйым салынған жерлерде сауда жасау - 66, жол жүру ержесін бұзған жаяу жүргіншіліер - 107, көлік құралдарын қою ережелерін бұзу – 97. Сонымен қатар, жаяу патруль бір мыңнан астам адамды полиция бөлімшесіне жеткізді. Олар, қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргендер, ҚР көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар»,- деді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жаяу патрульдік жасақтардың жұмысы арнайы кесте бойынша жүргізіледі. Бұл жаяу бағыттағы тәртіп сақшылары халық тығыз қоныстанған аудандарда жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Осындай жұмыстардың арқасында қылмыс, қаладағы қоғамдық орындарда 2,9%, көшеде 7,1% және топтық қылмыстардың 14,6% төмендеді.


Соңғы жаңалықтар