Алматыда жауынның салдарынан Mega сауда орталығы бір күнге жабылды
2022 жылғы 25 маусым 01:20

Алматыда жауынның салдарынан Mega сауда орталығы бір күнге жабылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгінгі нөсер жауынның салдарынан Mega сауда орталығының төбесінен су кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда орталығының төбесінен аққан судың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Осыған байланысты сауда орталығының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін MEGA Alma-Ata сауда орталығы жабылды. Қауіпсіздік іс-шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сауда орталығының шатырындағы зақымдарды тез арада түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғимарат шатырының ауданы 58 500 шаршы метрді құрайтынын еске саламыз. MEGA Alma-Ata сауда орталығы ертең, 25 маусымда әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қайта ашылады», - делінеді хабарлмада.

Еске салайық, бүгін Алматыда түстен кейін күн күркіреп, нөсер жауын жауды. Толассыз жауған жауын суы көшелердегі арықтарды толтырып, көшелерді су басты .

Сондай-ақ, бүгінгі жауын астында шаһарда троллейбустың өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT