Алматыда жауынның арты қарға ұласып, әкімдік тұрғындарға ескерту жасады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері 152 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, таңғы сағат 09:00-де басталған жауынның, арты қарға ұласты. Синоптиктердің болжамы бойынша ол түнде тоқтайды.

Қаланың коммуналды қызметтері көктайғақтың алдын алу мақсатында қала көшелеріне 152 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Қарды тазалауға 495 техника, оның ішінде 144 құмшашқыш және 393 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар күреу жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қардың түсуіне және ауа температурасының төмендеуіне байланысты кешкі және түнгі кезеңде жолдар мен тротуарларда көктайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерді апаттар қаупінің жоғарылауына орай жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтауға және кенет жасалатын маневрлерден аулақ болуға шақырамыз. Жаяу жүргіншілерден тротуарларда жүргенде абай болуды, аса қажеттіліксіз үйден шықпауды сұраймыз»,- делінген хабарламада.

Қазгидрометтің болжамы бойынша 27 қараша күні ауа температурасы -12 -14°С дейін төмендейді.


Соңғы жаңалықтар