Алматыда жауған қардың қалыңдығы 15-25 см жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда түні бойы толассыз жауған қардың қалыңдығы қалада - 3-10 см, таулы аймақтарда - 15-25 см, тау бөктеріне 25-40 см жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрық кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы құм мен тұз себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 3 485 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Қаладағы түнгі қар тазалау жұмыстарына 574 техника, оның ішінде 275 құмлақтырғыш және 500 жол жұмысшы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмысын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 29 қарашада ауа температурасы күндіз -2, -4 градус болмақ.

29 қарашаға 555 арнайы техника мен 1614 жол жұмысшысын жұмылдыру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар