Алматыда жауған қар қала ажарын аша түсті

None
None
None

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алғашқы қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы қар әсем қаланың көркін одан әрі аша түсті. Ақ көрпе жамылған ағаштардың жапырағы әлі түсіп те үлгермеген. Іле Алатауының басы демде ағарып шыға келді.

Синоптиктер 5 қарашадан бастап қар жауатыны жайлы ескертіп келеді.

Қала билігі қар түсуіне байланысты автомобиль жүргізушілеріне дөңгелекті ауыстыруға ескерту жасады.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша арты қарға ұласатын жауын 5 қарашадан бастап 10 қарашаға дейін және 23-30 қарашаға дейін жаууы мүмкін.

Айта кету керек, жауын араласқан қар 6 қараша күні түнгі 23:30-да басталған еді. Қаланың ішінде түскен қардың қалыңдығы 5 см болса, таулы аймақтарда одан да жоғары болды. Қала көшелерін тазалауға 400 көлік пен 1500 жұмысшы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар