Алматыда жауған алғашқы қарды тазалауға 400 техника жұмылдырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алғашқы қар түсті. Түнімен толассыз жауған қарды тазалауға 400 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жауын араласқан қар 6 қараша күні түнгі 23:30-да басталған еді. Қаланың ішінде түскен қардың қалыңдығы 5 см болса, таулы аймақтарда одан да жоғары болды.

Ауа райын болжаушылардың айтуынша, жауын- шашын 7 қарашада жалғасуы ықтимал.

Қала көшелерінде көктайғақтың алдын алу үшін түнде 4147 техника шығарылды. 162 көлік құм төсеп, 427 жұмысшы көшелерді тазалады.

7 қараша күні таңертеңнен 498 техника, 1688 адам көше тазалауға шықты.

6-7 қараша күндері көктайғаққа қарсы 2609 тонна құм себілді.

Соңғы жаңалықтар