Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға туралы психиатр, дәрігер Жібек Жолдасова Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Менің балам мен жолдастары кеше сұмдық оқиғаның куәсі болды. Олардың көз алдарында жасөспірім құрдастары қайтыс болып кетті. Жаттығу кезінде болған. Баламның айтуынша, ол күні аса көп жаттығу болмаған. Жас бала жүрек тұсын ұстаған күйінше құлап түскен. Екі жедел жәрдем бригадасы келіп, өмірін арашалап қала алмады», - делінген жазбада.
Оның айтуынша, жаттығуға шамамен 13-15 жастағы балалар қатысқан.
Олардың барлығынан денсаулығына қатысты анықтама алынған.
«Барлық баладан анықтама алынды. Біз жүрек УЗД қорытындысын да тапсырдық. Аяқ астынан болған өлім - ата ана үшін орны толмас қайғы. Кеше ғана жүгіріп жүрген бала еді», - деді ол.
Қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша, бала жедел жәрдем жеткенше жан тәсілім еткен.
- Алматыда ұсталған телефондарды шетел асыратын канал әшкереленді
- Алматы таксистеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек
- Қарағанды полицейлері 7 жасар қызды зорламақ болған күдіктіні ізін суытпай ұстады
- Бортында 38 адам бар Чили әскери ұшағы жоғалып кетті
-
Алматы әуежайында бірқатар рейс кейінге қалдырылды
-
Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 48 млрд теңге аударды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам