+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматыда жасырын есірткі зертханасы анықталды

2019 жылғы 28 қазан 11:16
Бөлісіңіз:
Алматыда жасырын есірткі зертханасы анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР ҰҚК синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын цех анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша департаменті 2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Зертхана жайында 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

«Дайын психотропты заттарды сату «Telegram» және «VIPole» әлеуметтік мессенджерлеріндегі интернет-дүкендер арқылы жүзеге асырылған.


Ұсталған «А» есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ есірткі сататын ірі интернет-дүкендерінің бірі «Алтын Орда» логотипі бар визит карточкасы мен оттық шақпақ алынды. Аталған факті бойынша ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - делінген ҰҚҚ хабарламасында.


Іс-шаралар ұлттық қауіпсіздік органдары өткізіп жатқан арнайы операциясының заңдылығына қатаң қадағалау жасаған Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT