Алматыда жасыл желекті таптаған 24 адамға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоршаған орта мен қала тазалығына нұқсан келтіргені үшін 24 адам жазаланды. Нақтырақ айтқанда, жасыл желекді таптап, арыққа қоқыс тастағаны үшін 24 адамға 961 270 теңге (485 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Бұл туралы қалалық Табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жыл басынан бері қоқыс тасушы компанияларға қатысты 32 хаттама толтырылып, 347 760 теңге айыппұл салынды. «21-27 тамыз аралығында өткен тексеру барысында 39 ескерту беріліп, 1 555 870 теңге көлемінде айыппұл салынды. Құрылыс қоқыстарын жинай берген 9 заңды тұлға бюджетке 594 600 теңге төлеуге міндеттелді. Жазаланғандардың ішінде тұрғындар да бар. Өзенге қоқыс тастап, тұрмыстық қалдықтарды тыйым салынған жерге түсіргені үшін бір аптаның ішінде 24 адам 961 270 теңге төлеуге міндеттелді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар