Алматыда жасыл желектердің тізімі жасалып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының экологиялық проблемаларын талқылауға арналған кездесу барысында жасыл желектердің рөлі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда, Алматыда жасыл желек алаңдарының ауданы - 1 427 гектар. Ал ағаштардың санын 2,2 млн.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасовтың айтуынша, бұл көрсеткішті 2 мың гектарға жеткізу қажет. Ал ағаштардың санын 3 миллионға дейін көбейту керек.

«Ағаштар - бұл жалғыз табиғи фильтр. Сондықтан қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін апаттық және санитарлық жағдайларды қоспағанда, ағаштарды кесуге тыйым салып, жауапкершілікті күшейту керек», - деп атап өтті ол.

Мамандардың айтуынша, бір адамды оттегімен қамтамасыз ету үшін 1,54 ағаш қажет. Бір ағаш бір автокөліктен шыққан шығарындыларды сіңіреді. Бір ағаш 80 келі зиянды зат пен 20 келі шаңды залалсыздандырады.

Өз кезегінде, Алматы қаласының жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская мегаполисте жасыл желектердің аумағын ұлғайту міндеті тұрғанын атап өтті.

«Біз қаланың жасыл қорын арттыру жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. 3 жыл ішінде қала айналасында 1 миллионға жуық жасыл желек отырғызылады. Биыл біз 250 мың ағаш отырғызамыз. 2016 жылы жасыл желектерді түгендеу жұмыстары қолға алынды. Осы мәліметтер негізінде жасыл желектердің тізілімі жасалады. Біз жыл соңына дейін жұмысты аяқтап, келесі жылдың басында ұсынамыз», - деді Наталья Ливинская.


Соңғы жаңалықтар