Алматыда жасыл желектерді суарудың жаңа жүйесі орнатылады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жасыл желектерді суарудың жаңа ережесі қабылданады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімінің айтуынша, қала бойынша жасыл желектерді суарудың жаңа ережелерін қабылдау жоспарланып отыр.

«Өкінішке орай, мұндай ережелер бұрын-соңды болмаған. Оның ішінде нақты талаптар болады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бүгінгі қолданыстағы арық жүйелері бұрынғы жылдардағыдай жақсы суара алмайды. Жоспардағы жұмыстар аясында жаңа суару жүйелері орнатылатын болады»,- деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда әкім тұрғындардың өтініші бойынша «Южный» саябағындағы жер учаскесін мемлекетке қайтару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ Алма-Арасан шатқалына апаратын жол жөнделетінін, Бостандық ауданында 9 қабаттан биік ғимарат салуға тыйым салынатынын, «Атакент» аумағы реконструкциядан өтетінін мәлім етті.





Соңғы жаңалықтар