Алматыда жасыл желек деректерінің базасы іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жасыл желектің электронды реестрі іске қосылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Eco-almaty.kz сайтында Алматыдағы жасыл желек тізімі бар интерактивті карта іске қосылды. Түгендеуден кейін базаға әр өсімдіктің тұқымы, түрі, координаты мен жағдайы көрсетілген 2,3 миллион ағаш енгізілді», - деп жазды әкім.

Реестрде түгендеу нәтижелері бойынша жасыл мәліметтер базасы, әр объектінің жеке номері бар. Қалада өсіп келе жатқан әрбір ағаш отырғызу, оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген ағаштар ескерілді. Құжаттағы жасыл кеңістіктердің шамамен 10%-да паспорттарда сәйкессіздіктер болуы мүмкін. Мұндай кемшіліктер туралы тұрғындар сайтқа да, қосымшаға да жаза алады.

Жалпы, Алматыда 2 миллион 352 мыңға жуық ағаш бар.Оның ішінде сау жасыл желек - 1 миллион 800 мың, әлсізі - 459 мың, апатты - 77 мың.

Сондай-ақ, әр жасыл аймаққа түр құрамы, қазіргі жағдайы және қажетті агротехникалық шаралар анықталды. Картамен жұмыс жасау агротехникалық шараларды өзгертуге мүмкіндік береді.

Түгендеу нәтижелері қала тұрғындары үшін қолжетімді.Қаланы көгалдандыру мәселелерін шешуге қатысуға мүмкіндік береді. Жүйені көгалдандыру компаниялары, басқарушы компаниялар, аудан әкімдіктері, сондай -ақ қаланы көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындар белсенді қолдана алады.

Бұл электронды ресурс жасыл желектерді сақтау мен дұрыс күтіп ұстау бойынша бизнес-процестерді оңтайландырады әрі жасыл қорды басқару тиімділігін едәуір арттырады.


Соңғы жаңалықтар