+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда «Жасыл қала» науқаны аясында көшеттер тегін таратылып жатыр

2021 жылғы 20 қазан 22:15
Бөлісіңіз:
Алматыда «Жасыл қала» науқаны аясында көшеттер тегін таратылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев«Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде «Жасыл қала» науқаны қалай жүзеге асып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Жасыл қала» науқаны басталғанын жазған болатынбыз.

Қала әкімінің айтуынша, алматылықтар «Жасыл қала» науқанының алғашқы екі күнінде 500 көшетке өтінім берді.

Көшеттерді тегін тарату науқаны қала тұрғындарын көппәтерлі үйлердің аулалары мен жалпы пайдалану орындарын көгалдандыруға тарту мақсатында өткізіледі.

Жалпы, қалада биыл 350 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Оның 64 594-і көктемде отырғызылды.

Күзгі кезеңде 285 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған.

Қаланың жаңа ықшам аудандарын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ағаштардың басым бөлігі Алатау, Наурызбай аудандарында отырғызылады.

Бүгінде Түрксіб ауданының Маяк шағын ауданында 280 түп жапырақты ағаш отырғызылды.

ШААЖ және Қарағайлы бордың бойына 8 мыңнан астам ағаш отырғызудың дайындығы басталды.

Сөз соңында шаһар басшысы «Алматылықтардың көгалдандыруға қатысуы - қаланың жасыл қорына ұқыпты қарауын қалыптастырады» деп атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT