Алматыда жасыл экономика басқармасының басшысы ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы қызметіне Наталья Ливинская тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық қатынастар магистрі Наталья Ливинская еңбек жолын жеке компанияда жоба жетекшісі болып бастаған.

Сонымен қатар, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушы болып қызмет атқарды.

2013 жылдан бері мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеп келеді.

«Алматы даму орталығы» АҚ-да маман, қалалық урбанистика және қаланы жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған.

Осы уақытқа дейін қала әкімінің урбанистика бойынша кеңесшісі болып қызмет еткен.


Соңғы жаңалықтар