Алматыда жасыл экономика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жасыл экономика басқармасына жаңа басшы келді. Бұл лауазымға Ержан Сейтенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің ресми өкілі Тимур Базарбаевқа сілтеме жасап.

Бұған дейін Ержан Сейтенов қалалық жерді пайдалану және қорғау басқармасын басқарып келген болатын.

Қала әкімі жаңа басшының алдына экономикалық секторларға заманауи «жасыл» технологияларды енгізу арқылы қалалық ортаны жақсарту, жасыл желек қорын көбейтіп, су ресурстарын үнемдеу арқылы қаланың экожүйесіне антропогендік жүктемені азайту туралы міндеттер қойды.

Қала басшысы оған жұмысты тұрмыстық қалдықтарды жинап-сұрыптап, жою, big data базасын қолдана отырып, ластану көрсеткішін жасау, қаладағы зиянды өнеркәсіп орындарын сыртқы аудандарға шығарудан бастауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар