Алматыда жасы алпыстан асқан 123 мың адам вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 767 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қаңтар күні 3 767 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 19 қаңтар аралығында қалада 1 092 822 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 040 794 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 697 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 35 158 адам салдырды. Оның ішінде 1913 жүкті әйел, 7 392 бала емізетін ана және 25 853 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 98 762 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар