Алматыда жастар шыршасы өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының белсенді жастары шырша тойында бас қосты. Қыздар университетінде Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Қыздар университеті шақырады» атты жаңажылдық ән-думан кеші болып өтті. Бұл туралы оқу ордасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңажылдық кешке Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Маркен Ахметов, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Совет Сейітов, Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Арман Халбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы, республикалық «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы Расул Ахметов, «Болашақ» жастар қозғалысының төрағасы Дәурен Бабамұратов, Алматы қаласы «Жасыл ел» еңбек жасағының басшысы Мейіржан Жанұзақов, «Қазақстан студенттер альянсы» Алматы қаласы бойынша көшбасшысы Жанболат Маратов, «Azamat youth club» қоғамдық қорының үйлестірушісі Олжас Базарбаев, сондай-ақ елімізге белгілі жас актерлер мен актрисалар, тележүргізушілер және Алматы қаласының барлық 15 жоғары оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары мен жастар ұйымдары басшылары, Қыздар университетінің белсенді студенттері, жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері, жатақхана студенттік кеңес мүшелері қатысты. Жаңажылдық ән-думан кешінде оқу орнының бірінші проректоры Баходир Әлиев пен әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Зәуреш Сабырова жыл бойы белсенділік көрсеткен Қыздар университетінің студенттерін алғыс хаттармен марапаттады. «Жаңа жыл тосын сыйларға толы таңғажайып ертегі әлемі іспеттес», деген Қыздар университетінің жастары одан әрі «Ертегілер әлемінде» атты композициялық қойылымды, «Санта Клаустар» флэшмобын, «Ақшақар» биін қонақтар назарына ұсынды. Республикалық Жайдарман ойындарының үздіктері, университетіміздің «Тек қана қыздар» КВН командасы, «Томирис» би ансамблі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты «Айгүл» вокалдық аспаптар ансамблі және т.б. өнерпаз қыздар өз өнерлерімен кеш көркін аша түсті. Шара соңында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік жатақхана», «Ең үздік бөлме» байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Алматы қаласы ЖОО-ның алтын көпіріне айналған жаңажылдық шара би кешімен және отшашумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар