+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Алматыда жасөспірімдерді тонаған  жалған полицейлер ұсталды

2020 жылғы 20 қараша 15:12
Бөлісіңіз:
Алматыда жасөспірімдерді тонаған  жалған полицейлер ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жалғыз жүрген жастарды тонаған жалған полицейлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, үш адамнан тұратын қылмыстық топ Баум тоғайында қолға түсті. Олар сол жерде күні бойы қылмыстық әрекет жасап келген.

«Күдіктілер жалғыз жүрген жасөсіпірімдерге «өзін полиция қызметкеріміз» деп таныстырған, оларда полицейдің нысанды киімі мен қызметтік куәлік болмаса да, жасөспірімдерден ұялы телефон мен басқа да гаджетін алып кетіп отырған. Қазір күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олардың біздің ауданда ғана осыған ұқсас ондаған эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды», – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сонымен қатар, ол осы қылмыстық топтың құрбаны болған қала тұрғындарына полицияға хабарласуға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT