Алматыда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 11,6%-ға төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен және Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Ғ. Жанбекованың қатысуымен онлайн форматта кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты қылмыс пен құқық бұзушылықтар қаралды. Ювеналды полицияның дерегі бойынша 6 айдың ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 11,6%-ға төмендегені байқалды. Жүргізілген талдауға сәйкес, жасалған құқық бұзушылықтардың 40%-ы өңірлерден келген адамдарға қатысты. Жасөспірімдер қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына жіберіледі.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың саны 20%-ға төмендеді. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде (сағат 22.00-ден кейін) және тұрғын үй-жайларынан тыс жерлерде (сағат 23.00-ден кейін) түнгі уақытта заңды өкілдерінің болмауынан 3573 (2020 ж. – 3018) ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, Алатау ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссия төрағасының есебі тыңдалды. Атап айтқанда, тәуекел тобындағы отбасылармен және кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа жол бермеу үшін алдын алу іс-шараларын қарастырды. Басқа да аудандық комиссиялардың төрағалары да кестеге сәйкес тыңдалады. Айта кетсек, жарты жылдың ішінде аудандық комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін түрлі фактілер бойынша 197 материал қаралды.

Ержан Бабақұмаров қала аумағында орналасқан колледж студенттері жасаған қылмыстық фактілерге назар аударды. Осы бағытта колледж, сондай-ақ жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушыларымен және басшылығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жасөспірімдерді оқудан тыс уақытта жұмыспен қамтуды ұйымдастыру тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар