Алматыда жасөспірім қызды қағып кеткен көлік жүргізуші іздестірілуде

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда велосипед мінген қызды көлігімен қаққан жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде көлік қаққан қыздың видеосы шықты. Желі қолданушының мәліметі бойынша 4 сәуір, кешкі сағат 18:00-де Достық даңғылында 875ALS02 мемлекеттік нөмірі бар автокөлік қағып кеткен. Оқиға салдарынан қыз әртүрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тіркеп, тексеру жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша автокөлік Достық даңғылымен оңтүстік бағытта бара жатқаны анықталды. Қарама-қарсы бетке бұрылу кезінде жүргізуші велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған қызды қаққан. Қазіргі уақытта зардап шегуші ауруханада жатыр. Оның алған дене жарақаттарына сот-медициналық сараптамалар тағайындалатын болады. Сонымен қатар, оқиға бойынша орнынан жасырынған жүргізушіні анықтау бойынша іздестіру-анықтау іс-шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар