+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Алматыда Жасанды интеллект университетін ашуды қолға алдым – Елбасы

2021 жылғы 5 шілде 20:56
Бөлісіңіз:
Алматыда Жасанды интеллект университетін ашуды қолға алдым – Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда Назарбаев университетімен деңгейлес Жасанды интеллект университеті салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия медиа форумына қатысушыларды құттықтады Елбасы Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға барды Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жолдады

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Qazaqstan» ұлттық арнасына берген сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмінде осындай жоспарын бөлісті.

«Қазақстанда кәдімгі медициналық, фармацевтикалық хаб жасау керек. Тек қана өзімізге шығармай, көршілерді де сол дәрімен қатамасыз ететіндей болуы керек. Қазір мынау жасанды зейін деген бірінші орынға шығып отыр. Сол үшін мен қазір келісіп, Алматыда Жасанды интеллект университетін ашуды қолға алып жатырмын. Ол болады. Деңгейі мына Назарбаев университет сияқты болады», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, ол келешекте ауыл шаруашылығының әлеуеті артатынын, сондықтан жастар қандай кәсіпті игерсе де өз саласының маманы болу керектігін айтты.

«Екінші мәселе – біздің ауыл шаруашылығымыз. Ауыл шаруашылығымыздың үлкен болашағы бар. Бізде әлі істелмеген жұмыс көп... Қазір білім-ғылымның заманы. Жастар соған қарай ұмтылуы керек. Ең жақсы білім алып шығуы керек. Жалпы, мәселе барлығы университет бітіруде емес. Ол болмайды. Дүниежүзінде университет бітіргендердің үлесі 10 пайызға да жетпейді. Басқа да мамандықтар бар. Қандай мамандық алса да, сол мамандықтың түбіне жетіп, соның үлкен маманы болсын. Екіншіден, жастарға мына заманда денсаулық керек, спортпен шұғылдану керек. Денсаулығың болмаса, бақытты болмайсың. Бақытты болудың 90 поценті - денсаулықта», - деді Тұңғыш Президент.

Аталмыш сұхбатында Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының демографиялық өсіміне шектеу қойылмайтынын айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT