USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Алматыда жас жұпты көлік қағып кетті, жігіт қаза тапты

2021 жылғы 3 желтоқсан 10:55
Бөлісіңіз:
Алматыда жас жұпты көлік қағып кетті, жігіт қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жол талғамайтын көлік жас жұпты қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда интернет-дүкенді тонаған үш жігіт ұсталды Алматыда қару-жарақ дүкендерін тонаған қылмыскер  ұсталды Алматыда комендант сағатын бұзған 84 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 желтоқсан күні кешке болған.

«2 желтоқсан күні кешкі сағат 19:56-да «Lexus LX 570» көлігінің 1960 жылы туған А. есімді жүргізушісі Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2000 жылы туған Ж. мен 2004 жылы туған О. есімді жас қызды қағып кетті. 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

Жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT