Алматыда жас жұп есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас жұп есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 24 жастағы К. есімді азамат пен оның 20 жастағы серігі Приканальная көшесінде жедел қызметкерлердің көзіне түсті.

«Жастардың іс-қимылы күдікті болып көрінді. Бір қарағанда, олар қараңғыда бірдеңе іздегендей болды. Бірақ іс жүзінде олар керісінше, тұтынушымен алдын ала келісілген жерге «жылдамдық» есірткісін жасырған. Жеке тінту кезінде олардан заттай 15 бума табылды және тәркіленді, заттың шығу тегі сот-химиялық сараптамасымен анықталады», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Бұл факті бойынша тергеуді Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр. ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды


Соңғы жаңалықтар