Алматыда жас жұбайлар той алдында электросамокатпен серуендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында ерекше той кортежі көзге түсті. Жас жұбайлар қымбат автокөлікпен қыдырудың орнына қала ортасында электросамокат теуіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде қызық видео жарияланды. Онда жаңадан шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылар қала көшесінде электросамокатпен серуендеп жүр. Ал олардың соңынан күйеу жігіт пен қалыңдықтың достары ілескен.

Постқа пікір қалдырған желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, кейбіреулер бұл қадам креативті әрі үнемді екенін айтуда.

Соңғы жаңалықтар