Алматыда «жас жол полицейлері» жолды дұрыс қиып өтпеген жүргіншілерді жерге қаратты - ФОТО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелеріне жол қозғалысын реттеуге қалалық ІІД қызметкерлерімен бірге мектеп оқушылары да шықты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызметін орындау» кезінде «жас инспекторлар» жолдың тыйым салынған аумағынан кесіп өткен 20 жүргіншіге жолда жүру ережесін түсіндіріп, ЖҚЕ туралы кітапшалар таратты.

«Үлкен адамдар олардың айтқан ақылын қысыла тыңдады. Шындығында, жолда болатын оқыс жағдайларға тек жүргізушілер емес, жаяу жүргіншілер де жиі кінәлі болады. Сондықтан, ондай оқиғалардың алдын алу үшін адам көп шоғырланған көшелерде осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Ереже бұзған адамдар алғашқы кезде тек ескерту алады. Егер жағдай бірнеше рет қайталанса, 5 АЕК айыппұл төлейді немесе 3 тәулікке қамалады», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, мұндай шаралар үлкен адамдардың жауапкершілігін оятып, олардың жолдағы әрекетіне оң ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар