Алматыда жас жігіт қарт әйелді ұрып, тонап кеткен
2021 жылғы 29 қараша 13:03

Алматыда жас жігіт қарт әйелді ұрып, тонап кеткен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 20 жастағы жігіт қарт әйелді ұрып, тонады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Марков пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. О. есімді азамат өтіп бара жатқан адамның жеке мүлкін күш қолданып, ұрлап кеткен.

«Жас жігіт әрекетінің ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, жәбірленушінің жанына жүгіріп келіп, иығына соққы жасаған. Әйел құлаған кезде оны ұрып-соғып, қолынан ақшасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. Жәбірленуші бірден полицияға жүгінді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында сол күні күдікті қамауға алынды. Ол ұрлық жасағанын мойындады», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы Ғалым Қасымбаев.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың жалпы Алматы қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша тергелуде.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT