Алматыда жас математиктер марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда республикалық «Бастау» турнирі өтті. Бұл байқауда Қазақстандағы ең үздік математик оқушылар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен 2-4 сынып оқушылары Назарбаев Интеллектуалды мектебінің базасында екі күн бойы математикалық білімін сынады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир балалардың математикалық білімдерін нығайтып, қолдауға бағытталған.

«Барлық тапсырмалар математикалық логикаға сүйеніп жасалды. Бұл тапсырмаларды шешу баланы дұрыс қорытынды шығаруға, дұрыс шешім табуға көмектеседі», - деді ұйымдастырушылар.

Команда жетекшілері - бастауыш сынып мұғалімдері де бос қарап отырған жоқ. Оларға арнап «Бастауыш мектеп оқушыларына стандарттан тыс математиканы үйрету» оқу тренингі жүргізілді.

Бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Аңсар Қабдолла алды. 1,2,3-орындарды Алматыдағы №140 мектеп гимназиясының оқушысы Әсел Жұмағалиева, Астана халықаралық мектебінің оқушысы Жәңгір Болат иемденді.

Соңғы жаңалықтар