
06:09
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас қыз көп қабатты тұрғын үйдің 12 қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ақсай 1А ауданындағы 8-үйде.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факті М.Әуезов аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген.
Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, 2 желтоқсанда Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсап, 12-қабаттан секірген еді.