Алматыда «Жас Қыран» футбол мектебі ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 20 қазан күні Алматыда «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер футбол орталығының салтанатты ашылу рәсімі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.

Орталық бүкіл Алматыдағы Қазақстанға танымал №2 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (№2 СДЮШОР) базасында құрылды. Мұнда 6 жастан 18 жасқа дейінгі 500-ге жуық бала жаттығады. Бұдан тыс, балалар мектепке дейінгі арнайы оқу бағдарламасымен де оқиды. Оқу-жаттығу үдерісіне 25 бапкер жұмылдырылған.

Заманауи оқу-жаттығу кешені бар. Стадион 800 көрерменге арналған орындықтармен қамтамасыз етілген. Көрермендер отыратын сектордың төбесінде шатыр орнатылған. Стандарт өлшемдегі алаңға суару жүйесі енгізілген, алаң итальяндық технологиямен шығарылған соңғы буынның жасанды көгалымен қапталған. Көгалға ФИФА сертификаты берілген. Бұдан бөлек, спорт алаңқайлары да бар, кешеннің айналасындағы аумақ абаттандырылған.

«Бұл мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша салынған республикадағы алғашқы нысандардың бірі. Орталықта балалардың барлығы тегін оқиды, жаттығады. Мұндағы инфрақұрылым да өте жақсы, тәжірибелі бапкерлер сабақ береді. Озат әдістемелер Қазақстанға лайықты футболшыларды тәрбиелеп шығарады деген сенім мол. Бұл басқа өңірлер үшін де үлгі», - дейді орталықтың бас директоры Ренат Тоғысов.

Соңғы жаңалықтар