Алматыда жас инноваторлар ғылыми жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас инноваторлар ғылыми жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген "ЭКСПО-2017 жолында: жас инноваторлардың жетістігі» көрмесі Жас кәсіподақ белсенділерінің ІІІ форумы аясында өтті.

Көрмеде 30-ға тарта ЖОО мен ғылыми-зерттеу институты өз жобаларын ұсынды.

«Көрменің атауының өзі айтып тұрғандай, мұнда біз түрлі бағыттағы ғылыми жұмыстарды көрдік. Азық-түлік өндірісінің технологиясынан бастап, құрылыс материалдары, балама энергетика өнімдері, ақпараттық технология жаңалықтарын тамашаладық. Мұндай шаралардың басты мақсаты жастарды ғылымға, шығармашылық мүмкіндігін көрсетуге шақыру», - деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

Аталған көрме Алматы технологиялық университеті базасында өтті. Келушілер нан, сүт, макарон өнімдері орталығында болып, су тазалау зертханасының жұмысымен танысты.

«Куә болғанымыздай, осындай орталықтардың арқасында ЖОО біліктілігі жоғары мамандарды тәрбиелеп шыға алады. Әлбетте, олар теориямен қатар тәжірибелік тұрғыдан машықтанған жастар болары анық», - деді Т.Балықбаев.

Соңғы жаңалықтар