Алматыда жас дизайнерлердің xалықаралық конкурсы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда "Жас-Өркен-2019" жас дизайнерлердің VII xалықаралық конкурсы өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы теxнология университетінің жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің уйымдастыруымен байқауға 36 жас дизайнер қатысты. Сайыс студенттердің шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр.

Сайысқа Қазақстан, Орталық Азия, Ресей, Қырғызстан елдерінің жас дизайнерлері қатысты. Атақты дизайнерлер - Джеймс Ким(Қытай), Davide Alesina Maietti(Италия), Аида Кауменова(Қазақстан), бьюти-фэшн блогер Оксана Ким (Қазақстан), KFW құрылтайшысы Ботагөз Алдоңғарова (Қазақстан), профессор Наталия Мокеева (Ресей) жастардың мүмкіндігін бағалады.

Жаңа топтамалар KFW Алматы, KFW Астанада көрсетілуі әбден мүмкін. Ерекше көзге түскен жас дизайнерлерді Аида Кауменова өз командасына алып, бірге жұмыс істеуге қарсы емес екендігін айтты.
null

"Бұл салада менің үлкен тәжірибем бар. Жаңа ой, пікір, киімдер үлгісіне жаңашылдықты әкелетін қуатты жігерлі жас дизайнерлермен жұмыс жасауға әрдайым ашықпын", -деді қазақстандық дизайнер Аида Кауменова.

Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің деканы Раушан Жылысбаева студенттер 2 курс Алматыда білім алса, 3-4 курста Италиядан білімін шыңдап, екі рет диплом қорғайтындығын айтты.

"Жас талантты дизайнерлерді таныстыру мақсатында біз бұл сайысты жыл сайын ұйымдастырамыз. Италиядағы Еуропа дизайн институтының директоры Davide Alesina Maiett қазақстандық дизайнерлерге қызығушылық танытты", - деді жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің деканы Раушан Жылысбаева.

null nullnull

Соңғы жаңалықтар