Алматыда жарылыстан жапа шеккен студенттердің денесінен жарықшақ қалдықтары алынбайтын болды - Оңласын Ибекенов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрігерлер жарылыстан жапа шеккен балалардың денсаулығы жайлы түсініктеме берді. Олардың айтуынша, қазіргі таңда Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында емделіп шыққан 7 бала мен нөмір 5 ауруханада емделіп шыққан 3 бала «Алматы» шипажайына ауыстырылды. Олар шипажайда 20 күннен аса оңалту шарасынан өтеді.

Медикаментозды ұйқыда жатқан екі баланың жағдайы қазір орташа, деп бағалады мамандар. Олар қазір хирургия және нейрохирургия бөліміне ауыстырылды.

Аурухана дәрігерлері оларды емдеу мақсатында Санкт-Петербордағы Джанилидже атындағы әсери медициналық институт мамандарымен тікелей телекөпір арқылы кеңескен. «Біз мамандармен кеңесе келе олардың денесіндегі жарықшақ сынықтарын алу қажет емес деп шештік. Өйткені, сынықтар жұмсақ тіндер мен тері арасында қалған болса, олардың адамның денсаулығына тигізер кері әсері жоқ», - деді Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасары Ибекенов Оңласын.

Сондай-ақ, мамандар балалардың уақытша жұмысқа қабілетсіздік туралы 1 жылға қүжат рәсімдеуі де мүмкін екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар